Түсіндірме жұмыстары жалғасуда

286

0

Фото: Сырдария ауданы әкімдігі

Сырдария ауданы әкімдігінің бастамасымен мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінен құрылған арнайы мобильді топ елді мекендерде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Жыл басынан бірқатар заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға қатысты түсіндірме жұмыстары Қоғалыкөл, Бесарық, Аманкелді, Жетікөл және Айдарлы ауылдарында жалғасты.

Мобильді топ құрамындағы салық, құқық қорғау, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы, жер, кәсіпкерлік, білім, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері тұрғындарды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдап, тиісті жауаптар берді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<