Түсіндірме жұмыстарын жүргізді

200

0

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес әлеуметтік нысандарда болуы ықтимал өрт қауіпсіздігін алдын алу мақсатында құрылған комиссия мүшелері бүгін Әйтеке би кентіндегі нысандарға зерделеу жұмыстарын жалғастырды.

Атап айтқанда, «Дарын», «Нұрай» жеке балабақшалары, №11 «Балапан», №2 «Айгөлек» бөбекжай-балабақшалары мен «Рауан» мектепке дейінгі шағын орталығы, «Қазалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің кенттік кітапханасы, Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжі және Қазалы аудандық ветеринарлиялық станциясы қамтылды.

Зерделеу жұмыстарына қатысқан комиссия мүшелері аудан әкімінің кеңесші Бақытжан Дүзелбайұлы, Қазалы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығының орынбасары Шапағат Нұржанұлы анықталған кемшіліктерді қалпына келтіруді ескертті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<