Тұмау таралмасын десек…

913

0

Тұмау – кез келген адам ауырып қалуы мүмкін жедел жұқпалы ауру. Қоздырғышы – ауру адамдар түшкіргенде және жөтелгенде қоршаған ортаға тарайтын вирус. Адамдар жеңіл тұмаумен бірнеше күн ғана ауырады, бірақ кейбіреулерде ауыр түрі, кейде асқынулар да болады. Тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу – бұл адам ағзасына ауру тудыратын вирустар мен инфекцияның болдырмауға бағытталған шаралар кешені. Тұмаудың  профилактикасы –вакцина.

Ауру вирустары мутацияға бейім болғандықтан, вакцина жыл сайын салынады. Заманауи вакцина ересектерде де, балаларда да 80% жағдайда тұмаудан ғана емес, сонымен қатар асқынулардан және өлімнен де қорғай алады. Тұмау мен ЖРВИ-дің  алдын алу – жалпы шаралар кешенін сақтау. Олар – бөлмені желдету, дұрыс тамақтану, маска қолдану, қолды жуу, дәрі-дәрмек қабылдау, адамдар көп жиналатын жерде қашықтық сақтау.

Жеке гигиенаға келетін болсақ, көптеген ауру жуылмаған қол арқылы жұғады. Егер тұмау жұқтырған адаммен үнемі байланыста болсаңыз, қолды сабынмен бірнеше рет жуып тұрған дұрыс. Осы кезеңде қол алысудан аулақ болып, қоғамдық орындардағы есік тұтқаларын ұстағаннан кейін, антисептик қолдану немесе қолды тазалап жуу қажет.

Мұрынды шаюды ұмытпаған жөн! Мұны тұзды ерітіндімен (бір литр суға 1 шай қасық тұз) немесе дәріханаларда сатылатын арнайы тұзды спрейлермен жасауға болады. Вирус жылы және шаң бөлмелерде тарайды, сондықтан ылғалды тазалауға және желдетуге уақыт бөлген жөн. Осы кезеңде театрға, кафеге барудан бас тартқан дұрыс.

Тұмау мен ЖРВИ-ді емдеу үшін тұмаудың клиникалық белгілерін жеңілдететін және аурудың ұзақтығын орта есеппен 3-5 күнге қысқартатын дәрі-дәрмектерді қолдану қажет. Дене температурасы жоғарылаған кезде қызу түсіргіш дәрілер, тамақ ауруы кезінде жергілікті антисептиктер және қабынуға қарсы препараттар, жөтел кезінде қақырық шығаратын дәрілер ішу керек. Тек дәрігердің тағайындауымен қабылдаған абзал болады. Тұмауды емдеу үшін балаларға, ересектерге және жүкті әйелдерге арналған препараттар бар. Бұл препараттарды алғашқы 48 сағат ішінде қабылдаған жағдайда ғана тиімді болады.

Елдос ТЫНЫШТЫҚ,

№1 қалалық емхананың баспасөз хатшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<