Тұрғын үй-құрылыс комбинаты салынуда

438

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордада тұрғын үй-құрылыс комбинатын салу жұмыстарымен танысты деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

«Строительно-транспортная компания» ЖШС жүзеге асыратын бұл нысан 2022 жылдың қаңтар айында басталған. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында жоба құрылтайшысы «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» арқылы 370 млн теңге несие алып, құрылысын бастады. Жалпы құны – 2 млрд 600 млн теңге.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 85 пайызға аяқталған. Комбинат сәуір айында іске қосылады. Өндірісте 90 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

Тұрғын үй-құрылыс комбинаты еден плитасы, жол плитасы, іргетас блоктары, маңдайша, таспалы іргетас, баспалдақ, темірбетон тіректері сияқты темірбетон және тауарлы бетон өнімдерін шығаратын болады. Жоба бойынша мұнда жылына 27 мың шаршы метрге жуық темірбетон және 70 мың шаршы метрге жуық тауарлы бетон өнімдерін өндіруге болады.

Аймақ басшысы нысанды аралап, баспана салу өңір үшін аса маңызды екенін атап өтті және құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<