Тұрғын үйде өрт жиілеген

334

0

Жыл басынан бастап облыс аумағында 77 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 пайызға аз. Сала мамандарының айтуынша, жазатайым оқиғаның көбі тұрғын үйлерде орын алған. Бұл туралы облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Асхат Оразбеков айтты.

– Орын алып жатқан жағдай тұрғындардың өрт қауіпсіздігіне салғырт қараудан туындауда. Яғни тұрмыстық пештің техникалық жағдайына мән бермеу, балаларды қараусыз қалдыру, өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамау басты себепке айналып отыр, – дейді Асхат Плалұлы.

Сондай-ақ көпқабатты тұрғын үйлердегі жертөле мен шатырды паналайтын баспанасыз азаматтар бар. Олар темекі шегу әрі от жағу арқылы төтенше жағдай туғызуда. Аталған мәселе бойынша полиция қызметкерлері мен пәтер иелері кооперативінің өкілдері рейд жүргізіп, қауіпсіздік шарасын сақтауға кірісетін болады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<