Тұрғындарды жеке қабылдады

252

0

Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбекұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауда болған азаматтар жұмысқа орналасу, тұрғын үй, әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша жүгінді.

Қабылдау барысында азаматтардың өтініштерін тыңдаған аудан басшысы әр мәселеге жеке тоқтап, заң аясында шешу жолдарын түсіндірді.

Сонымен бірге, бірқатар мәселелерге байланысты жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Аудан тұрғындары аудан әкімінің қабылдауына egov.порталы, е-otinish базасы арқылы немесе әкімдікке жазбаша өтініш тастау арқылы жазылатындығын ескертеміз.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<