Тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдады

398

0

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдап, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Бүгінгі жеке қабылдауға 7 адам келді.

Қабылдауға жазылғандарды толғандырған түйткілдердің негізгілері – тұрақты жұмысқа орналасу, жол, жарықтандыру мен жеке мәселелерге қатысты болды.

Аудан басшысы қабылдауға келген әрбір тұрғынның қойған сауалы жіті зерттеліп, шешімін қарастыруда ең алдымен заң талаптары ескеріліп, негізге алынатындығын жеткізді. Қабылдауда кейбір мәселелер бойынша жауапты тұлғалар сол жерде заң аясында түсіндірме беріп, шешу жолдарын да ұсынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<