Тың өзгерістер кезеңі

483

0

Бүгінгі сайлау – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қабылдаған маңызды әрі тың шешімдердің бірі.
Жаңа бастаманың бірнеше ерекшелігі бар.

Бұған дейін ауыл әкім-дері жанама дауыс беру арқылы, яғни жергілікті мәслихат депуттарының шешімі арқылы сайланып келсе, ендігі жерде елді мекеннің басшысын тұрғындар тікелей дауыс беру арқылы анықтамақ.


Жалпы, дамыған елдерде мұндай тәжірибе көптен бері қолданылып келеді екен. Газеттен оқығаным бар, мәселен, АҚШ-та губернаторлар, қала мэрлерінен бөлек, елді-мекендердің басшыларын дауыс беру арқылы айқындайды.


Мұндағы және де бір аса көңіл бөлетін жаңашылдық – ол әкімдікке үміткер азаматтың өзін-өзі ұсынуы. Бұл жағдайда әлгі азамат сайлаушылардың 1 пайыз қолын жинауы керек екен. Және бұл норманың өзі сайлау процесінде демократиялықтың барлығын және бәсекелестікті қамтамасыз ететін өте маңызды шарттардың бірі деп есептеймін.


Бұл реформа жергілікті басқару жүйесіне қатысты көзқарасты түбегейлі өзгертуі тиіс. Яғни, ауыл тұрғындары өздерінің көңілінен шығатын және әлеуметтік талаптарын орындай алатын әкімін таңдайды.


Еліміз бұған дейін де талай аса маңызды сәттерде бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білді. Ауыл халқы осы жолы да ауыл-аймақты жан-жақты жаңғырту, өркендету бағытындағы жаңа миссияны лайықты атқарып шығады деп есептеймін.
Науқанға қатысып жатқан үміткер азаматтарға тек қана сәттілік тілеймін.

Өткелбай ЖОЛМЫРЗАЕВ,

Қазалы ауданы, Өркендеу ауылдық

округінің

ардагерлер кеңесінің төрағасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<