Үйде отырып дауыс берді

536

0

Сырдария ауданында Іңкәрдария, Асқар Тоқмағамбетов және Нағи Ілиясов ауылдық округтерінде ауыл әкімдерінің сайлауы өтуде. Үшеуі де шағын елді мекен. Бас-аяғы 2808 сайлаушы бар. Қазір соның 1337-сі дауыс беріп үлгерді.


Денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын тұрғындар да назардан тыс қалмаған.

Ұйымдастырушылар бәрін ойластырып қойған. Мәселен, Асқар Тоқмағамбетов ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Уәйда Бахтияров үйінде отырып таңдауын жасады.


«Ары-бері жүруге денсаулық жарамайды. №154 сайлау учаскесінің қызметкерлеріне рахмет. Өтініш айтып едім, тез келе қойды. Елде тарихи оқиға болып жатқанда қалыс қалғаным ұят болар деп, дауыс беруді жөн көрдім. Ауылдың мәселесі көпке таныс. Алдағы уақытта соларды др кезінде көпшілікпен ақылдасып шешіп отырса, көзге көрінетіндей жақсы жұмыс істесе, халық қолдап тұрса, абыройы арта береді. Менің түсінігімше, бұл науқанның ерекшелігі сол, көпшіл, жаңашыл әкімдерді тәрбиелеп шығарады», – дейді ардагер.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<