Үкімет басшысын «AMANAT» ұсынады

488

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында Премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен «Amanat» партиясы ұсынатынын айтты.

«Мен Премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия Мемлекет басшысына ұсынуға құқылы деп айттым. Осы ретте, саяси жауапкершілік те сол партияға жүктеледі» деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл тәсіл «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына сай келеді.

Ерлан Қошанов – Мәжіліс төрағасы

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Палата депутаттарының жалпы санымен жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынып, ұсыныс бірауыздан қолдау тапты.

Сондай-ақ, Мәжілістің бірінші отырысында палатаның депутаттары ант берді.

ТӨРАҒА ОРЫНБАСАРЛАРЫ КІМДЕР?

Өзіне берілген құқықты пайдалана отырып Мәжіліс төрағасы екі орынбасар жөнінде ұсыныс берді.

Мұнда алдымен Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары лауазымына Мәжіліс депутаты Альберт Раудың кандидатурасы ұсынылды. Палатаның жалпы отырысына қатысқан 97 депутаттың 96-сы Альберт Раудың кандидатурасын қолдады. Сондай-ақ, екінші орынбасар лауазымына Дания Еспаеваның кандидатурасы қолдау тапты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<