Үмітке қанат бітірген «Жұлдызай»

108

0

Елімізде жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Жұлдызай» республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің басты мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасау.

Бұл фестиваль әрбір ба­ла­ның даралығын, шығар­ма­шылық қабілетін танытып, өнер мен талантын бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қа­тар олардың қоғамдық өмір­ге белсенді араласуына да жол ашады.

Биыл бұл мерейлі шара өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтті.

«Жұлдызай-2024»-тің гран-при жеңімпазы «Іңкәр» тобы арнайы шақыртылды.

2005 жылдан бері өткізіліп келе жатқан фестиваль талай ерекше баланың үмітін оятып, болашаққа сеніммен қарауына себепші болды. Фестиваль – жай ғана байқау емес, ол – шы­найы шабыт пен жігердің, ме­йірім мен қолдаудың алаңы.

Мерейтойлық фестиваль аясында республика бо­йын­ша 100 мыңнан астам қазақстан­дық ерекше балалар­дың өнерін тамашалап, өз таңдауларын жасап, дауыс берді.

Жалағаш ауданындағы әл Фара­би атындағы №201 мек­теп-лицейінің 10-сынып оқу­шы­сы Қартаңбай Айдана ІІ орын ие­ленсе, №5 көру қабілеті бұ­зылған балаларға арналған мектеп-интернатының оқушы­лары Бостандықұлы Ораз­бек, Ер­махан Лиза және Қызыл­орда қаласы А.Хангель­дин атын­дағы №179 орта мекте­бі­нің оқушысы Молда­ғали Азиз ІІІ дәрежелі диплом иеге­рі атанды.

«Жұлдызай» фестивалі – жүрекке жылу сыйлайтын, үміт­ке қанат бітіретін, ерекше балалар үшін үлкен сахна мен мүмкіндіктер есігі. Мұн­дай бастамалар қоғамның инк­лю­зивті болашағына нық қа­дам болып, әр баланың шексіз мүм­кіндіктері бар екенін тағы бір дәлелдеді.

Айгерім САУҚЫНБАЕВА