Ұйымдасқан топтың 32 мүшесі ұсталды

545

0

Ұлттық қауіпсіздік комитеті трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтардың заңға қайшы іс-әрекетін анықтау және оның жолын кесу жұмысын жүргізіп жатыр.

Ұзақ уақыт зерделеуден кейін, жуырда Қызылорда және Арал қалаларында «А» арнайы мақсаттағы қызметті жұмылдырып, прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірге іске асырылған арнайы операциясы аясында өңірлік ұйымдасқан қылмыстық топтың 32 қатысушысы ұсталды.

Топтың әр мүшесінің өзіне жүктелген міндетіне қарай нақты құрылымы қалыптасқан. Қажетті шешімдерді тұрақты түрде өткізіліп тұратын «жиналыстарда» қабылдап отырған. Ұсталғандардың қатарында трансұлттық қылмыстық ұйымдардың топ басшыларына бағынышты және солардың атынан әрекет етіп, Қызылорда облысының қылмыстық иерархиясында белгілі бір дәрежеге ие болғандар бар.

Олардың тұрғылықты мекен-жайлары бойынша қарудың бірнеше түрі, «ұрылар кассасының» сметасы, есірткі, сонымен қатар тергеу үшін қызығушылық тудыратын өзге де заттар мен құжаттар алынды.

Қолға түскендер қылмыстық топ құру, басқару және қаражаттандыру, бопсалау сынды ауыр қылмыстар жасады деген күдікке ілінген. Осылайша ұйымдасқан қылмыстың Қазақстандағы позицияларының және елдегі қылмыстық ахуалға әсерін күшейту бойынша жоспарларын бұғаттады.

Трансұлттық қылмыстан төнетін қауіпті бейтараптандыру бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<