Ұлттық киім – ұлт бейнесі

466

0

Фото автордан

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін атап өтудің онкүндігіне байланысты еліміздің барлық өңірінде бүгін ұлттық киімдерімізді насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізілуде.

Бүгін Қазалы ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен әкімдікке қарасты барлық мекеме қызметкерлері ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрді жаңғырту мақсатында ұлттық нақыштағы киімдер мен әшекейлер тағып Мемлекеттік Гимнді орындады.

Дәл осындай ұлттық киімдер ұлықтала түсетін түрлі шаралар мен челлендждер аудандағы барлық мекеме-кәсіпорын, ұжымдарда ұйымдастырылуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<