Ұлтының ұлы перзенті

456

0

Темірбек Қараұлы Жүргеновтің 125 жылдық мерейтойына орай «Болашақ» университеті жоғары колледжінде ұстаздар К.Календарова мен А.Сарбалаеваның ұйымдастыруымен «Ұлтын ұлы биіктерге көтерген тұлға» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Онда ұлы тұлғаның ерен еңбектері айтылып, келекшек ұрпаққа өнегелі өмір жолы дәріптелді. Шарада колледж директоры Венера Жұбаниязова сөз сөйлеп, Т.Жүргеновтің тарих бетінде өшпес із қалдырған тағылымды істері жөнінде атап өтіп, дөңгелек үстелдің маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасының әдіскері Ақмарал Серікбаева, облыстық тарихи өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Еңлік Баймурзаева қатысып, тарихи тұлға туралы көптеген мәліметтерімен бөлісті.

Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицей оқушыларды қатысып, өз ойларын ортаға салды. Тақырып аясында бейнероликтер көрсетіліп, колледж кітапханашысы Б.Алдабергенова Темірбек Қараұлы Жүргенов туралы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Жиын қорытындысында колледж студенттері Назарбай Молдабайұлы, Алтынкүл Төлеген, Жұлдызай Батырханова жыр шумақтарын оқыды.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<