Ұрпақтың есен-саулығы – ерен байлық

554

0

Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі. Бірақ осы сөздің салмағын шынайы сезініп, түсінбейтін секілдіміз. Қазір салауатты өмір салтын сақтау туралы көп айтылуда. Десе де, оны әркім әрқалай ұғынады.

Салауатты өмір салтын қалып­тастыру үшін қандай жағдай­лар­ға назар аудару керек? Бұл – жеке адамның тіршілік етуге бағыт­тал­ған мүмкіндіктерін қалып­тас­тыру. Денсаулыққа жағымсыз әре­кеттерден – нашақорлық, шылым шегу, ішімдік ішу, улы заттардан аулақ болу. Мықты денсаулыққа дене шынықтыру арқылы қол жетеді. Дене қозғалысы адам ағ­засын дамытып, жұмыс істеу қа­білетін арттырады, ауруды алыс­татып, өмірді ұзартады.

Денсаулық – адамға табиғат­тың берген ең қымбат құндылығы. Адам денсаулығын қалыптастыру және нығайту медицинаның ғана емес, білім беру жүйесінің де негізгі мақсаты мен міндеті. Се­бе­бі, шәкірт денсаулығы жағ­дайы оның оқу үлгеріміне, мінез-құлқына, қарым-қатынастарына тікелей әсер етеді. Сондықтан, пе­дагогтар алдымызға келген әр оқушының дені сау болуын бақы­лаймыз. Оқушыны сауықтыруда дене шынықтыру пәні жетекші орынға ие. Бұл ретте басқа пән­дердің де үлесі болуы керек.

Ол үшін ұстаздар шәкірт бойына жақсы дәстүрлер мен әдеттерді сіңіріп, салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігі мен оны іске асырудың жолдарын үйретуі қажет. Режимнің дұрыс сақталмауы, қимыл-қозғалыстың аз болуы, дұрыс тамақтанбау, жағымсыз жағ­дайлардың көп болуы, зиянды әдеттерге үйірсектік келеңсіздікке ұшыратады.

Жасөспірімдердің денсаулығын нығайту, жүйке психикасын дұрыс қалыптастырып, ширақ, жігерлі, сымбатты етіп өсуіне негіз қалау – ата-ана мен педагогтардың алдында тұрған үлкен міндет.

Назерке Қуаныш,

№7 мектеп-лицейдің

ағылшын тілі пәні мұғалімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<