Волюта бағамы өсті

579

0

Фото: ашық дереккөз

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,35 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 460, 87 теңге.

Ұлттық банктің 1 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 460, 51 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 6,53 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 459,5 теңге, сатып алу – 463 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы 460,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 463, 5 теңге.

Ресей рублі 6,25-6,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<