Университет ректорларының рейтингі енгізіледі – Білім министрі

759

0

Жоғары оқу орындары ректорларының рейтингі енгізіледі. Бұл туралы «Білім және ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбындағы педагогтердің Республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл қыркүйек айынан бастап жоғары оқу орындары ректорларының рейтингісін енгіземіз. Бұл өз кезегінде тетік болады. Осы рейтинг қорытындысы бойынша кадрлық әрі ұйымдастырушылық шешімдерді қабылдаймыз», – деді Асхат Аймағамбетов.

Бұл тұрғыда министр Қазақстандағы жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілетті болуы маңызды екенін атап өтті.

«Осы орайда жетістіктер университеттердің бірінші басшыларына да байланысты. Сондықтан бұл мәселе біз үшін өте маңызды», – деді ол. Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл педагогтардың құқықтарын бұзу туралы жүзден астам өтініш қаралды . 2022 жылдың қаңтарында балабақша мен мектеп, колледж педагогтарының жалақысы 25 пайызға өседі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<