ЗАҢДЫ немесе КӨШІРМЕ алкоголь өнімін қалай анықтауға болады?

290

0

Қызылорда облысы бойын­ша Мемлекеттік кірістер де­пар­таменті, алкоголь және те­­мекі өнімдерінің заңсыз айна­лымының жолын кесуде сандық технологияны қолдануды арт­­тыруға, сол арқылы жем­қор­лықты құрықтауға үлес қосып келеді.

Бұқаралық ақпарат құрал­дарында, ресми интернет көз­дерінде жарияланымдар жиі орналастырылып, сол арқылы түсіндіру жұмыстары жүріп отырады.

Қазіргі кезде цифрлық тех­но­логияларды кеңінен қол­да­ну арқылы заңсыз өнімді анықтауға болады, бұл әрекетті мемлекеттік кірістер органымен қатар, тұтынушының өзі де жасай алады.

Мысалы, kgd.gov.kz сай­тының электронды сервистер бөлімінде немесе қазақстандық жоба Wipon (Вайпон) мобильді қосымшасының көмегімен сайт­қа немесе мобильді қосым­шаға есепке алу-бақылау мар­касының сканерленген суретін енгізу арқылы кез ыкелген алкоголь өнімінің заңды немесе көшірме екенін білуге болады.

Бұл тәсілді белсенді қол­данушылар қатары күн сайын көбейіп келеді. Жыл басынан бері тұтынушылар өз тарапынан 407 377 бөтелке алкоголь өнімін осындай жолмен тексеріп көрген.

Департаментпен жүргі­зілген алкоголь және темекі өнімдерінің заңсыз айналы­мымен күрес шаралары нәти­жесінде жыл басынан бері 32 423 бөтелке ішімдік пен 351 қорап темекі өнімдері заңсыз айналымнан алынды.

Мұндай мүмкіндіктер, өз кезегінде, қоғамдық індет – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу  және жоюға өз септігін ти­гізуде. 

Қ.АЙТБАЕВ,

облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім 

басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<