Зайырлы мемлекет – заман талабы

347

0

     Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасында қоғамдық пікір арқылы деструктивті діни ағымдардың алдын алуда жаңа тәсілдерге қол жеткізуді жүзеге асыру міндеттелген. Осыған сәйкес облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен жеке кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйым жетекшілері арасында «Зайырлы мемлекет – қоғам дамуының кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған жеке кәсіпкерлер, ғалымдар мен ҮЕҰ мүшелері қатысты.
Шара барысында облыстық «Сыр дидары» газетінің редакторы, АТТ мүшесі Сәкен Алдашбаев «Зайырлылық және дінаралық қағидаттардың арақатынасы» турасында баян етіп, осы мәселеде бірқатар ұсынысын жеткізді. Олардың қатарында ақпараттық насихаттық топтың жұмысына кәсіпкерлерді тарту, БАҚ өкілдерін қатыстыра отырып тренинг өткізу, дінімізді насихаттап, зайырлылығымызды көрсететін шағын бейнероликтер түсіру мәселелері бар. Мұнан кейін  «Батыр ана» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлсара Әбдіхалықова «Зайырлы мемлекет заман талабы» тақырыбында хабарлама жасады. Сондай-ақ,  «Ыбырайым молда» мешітінің бас имамы Талғат Нұрман діни мерекелердің қоғамның ынтымақтастығын нығайтудағы рөлін сөз етсе, дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы Жеңісбек Дәрібаев зайырлылық құндылықтарын нығайту тақырыбын қозғады.
 Еркін форматта өткен жиын соңы сұрақ-жауап, пікір алмасуларға ұласты.
Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ,
“Сыр бойы”.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<