Зейнеткерлер сын сағатта демеу болды

780

0

              

Жыл басы тәуелсіздігіміздің, халқымыздың бірлігінің сыналған кезеңі болып басталды. Тұтас елдің басына туған сын сағатта, ел басына күн туғанда тәуелсіз елдің ұрпағы бір-бірін қорғап, қолдап ауызбірлік танытқандығының арқасында бұл қиын кезеңді де еңсерудеміз.

Міне, осындай қиын шақта, халыққа қолдан келгенше көмек қылған жандар жетерлік. Сондай ер-азаматтардың бірі, отставкадағы зейнеткерлер, Исмайлов Қанат, Тұрғанбеков Бағдат, Ұлымбаев Ержан төтенше жағдай кезінде күшейтілген режиммен жұмыс жасаған ЗК-169/1 тергеу изоляторының жеке құрамына келіп, қызметкерлерге моральдік тұрғыда қолдау көрсетіп, қиындықтарды бірге еңсеруге шақырды. Және күшейтілген режиммен жұмыс жасап жатқан жігіттерге өз қаражаттары есебінен ас-су әкеліп берді.

– Біз елдің азаматтары ретінде бір-бірімізге қолдау білдіруіміз қажет, тәуелсіздік жылдарында дүниеге келген жастар бүгін міне, біздің ізімізді жалғап, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғау жолында өзіміз жұмыс жасаған тергеу изоляторында еңбек етуде. Осындай қиын шақта ел ұландары мен мекеме басшылығын моральдік тұрғыдан қолдауды жөн көрдік, – дейді зейнеткерлер

Сондай-ақ, погондағы тәжірибиелі азаматтарымыз, өз еріктерімен басқа да зейнеткерлерден топ құрып, патрульдеуге дайын екендіктерін жеткізді. Иә, ел тыныштығын қорғауға құлшынып тұрған бұл патриот жандарда мақтау керек емес. Олардың тілейтіні елінің амандығы, жұртының тыныштығы.

«Өсер елдің ұлдары бірін бірі батыр дер» демекші, мекеме бастығы, әділет подполковнигі А.Тасқараев зейнеткер қызметкерлердің ағалық жолы мен үлгі өнегесіне разылығын білдірді.

«СБ» ақпарат

   

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<