«Жәрдем» пойызы – облыста

694

0

«Медициналық пойыздар» жобасы алғаш рет 2010 жылы іске қосылған болатын. Бұл жоба  жыл сайын 2019 жылға дейін жүзеге асырылып келді. Алайда пандемия араға біршама үзіліс әкелді. Оған дейін «Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» консультативтік-диагностикалық үш пойызы еліміздің 1700-ден астам шалғай өңіріне барып, 488 880 тұрғынды тексерген.

Бүгінде «Жәрдем» медициналық пойызы 23 мамырдан 6 қарашаға дейін 80 станцияға аялдауды жоспарлауда. Қазіргі уақытта медициналық пойыз облысымызға аялдады. Онда 11 станцияның тұрғындарын тексереді: 11-12 тамыз – Абай, 13-14 тамыз – Аралқұм, 15-16 тамыз – Қамыстыбас, 17-18 тамыз – Бекбауыл, 19-20 тамыз – Байқожа, 21-22 тамыз – Бостандық, 23-24 тамыз – Қаракеткен, 25-26 тамыз – Қараөзек, 27-28 тамыз – Майлытоғай, 29-30 тамыз – Бесарық және 31 тамыз-1 қыркүйек – Сауран. Пойыз бағытына барлығы 7 облыс кіреді: Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстары.

«Сб» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<