Жәрмеңке өтеді

1279

0

Құрметті Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді 25 қыркүйек күні Сырдария және Жаңақорған аудандары әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне шақырамыз.

Жәрмеңкеге 85 жүк көлігіне тиелген 200 тоннаға жуық Сыр дихандары мен шаруалар өндірген өнімдерін жеткізеді.Атап айтқанда, 25 тоннадан астам ақталған күріш, 30 тоннадан астам картоп, 10 тонна басты пияз, 65 тоннадай көкөніс, 40 тоннадай бақша өнімдері, 3 тоннадан астам ет пен балық өнімдері, 5 тоннаға жуық нан және макарон өнімдері, 1 тоннадан астам сүт өнімі және 10 тоннадан астам жоңышқа пресі тұрғындарға ұсынылады.

Өтетін орны: Сырдария ауданы – Жанқожа батыр көшесі (Реалбаза алды)

Жаңақорған ауданы –Тасбөгет кенті (Орталық алаңы)

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<