Жалағаштағы жүздесулер

1135

0

Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен 6-22 сәуір аралығында «SHABYT_KZO» қоғамдық қорының және аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен кент орталығында бірнеше іс-шаралар өтті.

Арнайы сала мамандарының қатысуымен «JASKEN’ES» тақырыбында қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдауға «SHABYT_KZO» ҚҚ-ның үйлестірушісі Дінмұхамед Кабадулла, халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Гүлшара Жәнібекова, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің әдіскер маманы Олжас Әбілқасымов және аудандық жастар ресурстық орталығының маманы, аудандық мәслихат депутаты Нарбота Серәлі қатысты. Қоғамдық қабылдау барысында жастарға мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың мүмкіндіктерін ескере отырып, кәсіптік бағдар беру бойынша кеңестер берілді.

Сәуір айының 8 және 15 күндері түнгі рейд жұмыстары жүргізілді. Рейдке «SHABYT KZO» ҚҚ-ның директоры Нұрталап Данабек, «SHABYT KZO» ҚҚ-ның үйлестірушісі Д. Кабадулла, полиция капитаны Е. Жүргенбаев пен полиция аға лейтенанты А. Таженов және аудандық жастар ресурстық орталығының кеңесшілері А. Тұрмағамбет және Ә. Амангелді қатысты. Шараның мақсаты-балалар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмлетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу және беймезгіл уақытта жасөспірімдердің түнгі дүкендер мен қоғамдық ойын-сауық  орталықтарында заңсыз жүруіне жол бермеу. Рейд барысында ақпарттық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, үнпарақтар таратылды.

Сәуір айының 15 күні Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінің бітіруші түлектеріне «Агро Холдинг Байқоңыр» ЖШС мен «Өркен Әлем» ЖШС-не экскурсия жүргізілді.Экскурсия мақсаты: бітіруші түлектерді жұмыспен қамтылуына көмек көрсету, кәсіпке баулу, ауылшаруашылық саласына тарту. Экскурсия кезінде студенттер бөлімшелер мен цехтарды аралап, жұмыс орындарымен, жұмыс орнындағы әртүрлі өндірістік құралдармен танысты. Студенттер өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сауалдар қойып, мардымды жауап ала алды.

Сәуір айының 10-22 күндері аралығында «Есірткісіз болашақ» тақырыбында жоғары сынып оқушылары арасында бейнероликтер байқауы өткізілді. Марапаттау рәсімі аудандық жастар ресурстық орталығы жанындағы «Coworking» орталығында өткізіліп, жеңімпаздарды орталық директоры Нұржан Раисұлы марапаттады. Шараның мақсаты – оқушылардың бойында салауатты  өмір  салтын  берік  қалыптастыру, жеке тұлғаның   санасын дамыту, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру. ХХІ ғасырда қоғам тек денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай,  жаны мен тәні  кіршіксіз таза, танымдық  белсенділігі мен өздігінен білім алуға деген  ынтасы мен шығармашылық қабілеті ерекше тұлғалардан тұруы тиіс.

Сондай – ақ сәуір айының 22 – і күні ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, үнпарақтар таратылды. Шараның мақсаты – мемлекеттік жастар саясаты, оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру,  жұмыссыз жастар арасында қазіргі таңдағы сұранысқа ие мамандықтарды насихаттау және қайта даярлау оқытумен мемлекеттік гранттар туралы ақпараттар ұсыну. Және де жұмыссыз жастарға арналған @jumys.jalagash инстаграм парақшасы және фейсбук әлеуметтік желісінде арнайы парақша ашылып, бос жұмыс орындар туралы ақпараттар салынып отыр.

Жалағаш ауданының жас кәсіпкерлерінің танымалдығын көтеру мақсатында арнайы бейнероликтер түсіріліп, @zhalagash.times инстаграм парақшасында насихатталған.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<