Жалағаштық аруларды құттықтады

243

0

Фото: Жалағаш ауданы ТЖД

🔹Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов 8 – наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шараға қатысты.
🔹Салтанатты шарада аудан әкімі ел экономикасы мен мәдениетінің, еліміздің рухани әлеуетінің артуы жолында еткен қажырлы еңбегі үшін ақ жаулықты аналарға, апаларымыз бен қарындастарға шынайы ризашылығын білдірді.
🔹Сонымен қатар, мерекелік шарада ауданның дамуына аянбай еңбек етіп жүрген Қызылорда облысы ТЖД “Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі” №11 өрт сөндіру бөлімінің радиобайланысшысы, азаматтық қорғау сержанты Кеңесбаева Гүлжайна Дәрменбайқызына аудан әкімінің “Құттықтау хаты” табысталды. Салтанатты шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Жалағаш ауданы ТЖБ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<