Жалған ақша жарға жықты

862

0

Қызылорда қаласының 1986 жылы туған тұрғыны жалған ақшамен ұсталды. Облыс бойынша экономикалық тергеу департаментінің өндірісіндегі бұл іс сотқа жолданды.

Ол 2019 жылдың қазан айы мен 2020 жылдың ақпан айының аралығында бірнеше мәрте 5000 және 10000 теңгелік жалған банк­ноттармен сауда жасап, пайдақұмарлық мақ­сатпен қылмыстық құқықбұзушылық жасаған.

– ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабы 2-бөлігінің 2-тармағында қаралған қылмыстық құқық бұзушылық үшін бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Жыл басынан бері Қызылорда облысы бойынша ЭТД-ның өндірісінде жалған ақша айналымына қатысты 12 факт тіркелген, – дейді облыс бойынша экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<