Еріктілермен кездесу өтті

603

0

Бүгін Қызылорда облысының «Волонтёрлер фронт-офис» жетекшісі Болатбек Әйтбенбетов, «Жылы жүрек жастар» қоғамдық қорының төрағасы Сағатбек Сиюов, Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Ғани Ораловтың қатысуымен Аманкелді ауылдық округінің әкімдігі жанынан құрылған «Жалын» еріктілер штабының мүшелерімен кездесу өтті.

Шақырумен арнайы келген қонақтар еріктілермен кездесіп, көптеген тақырыптарда әңгіме өрбітті.

Кездесу барысында «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 30 игі іс» аясындағы шаралар, «ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған жолдауын іске асыру бойынша» және «Еріктілер – қоғамның қозғаушы қуаты» екендігі туралы және тағы басқа тақырыптарда сөз қозғалды.

«Жалын» еріктілер штабының еріктілер қатарында барлығы 11 адам бар. Еріктілер штабы ашылғаннан бері атқарылған жұмыстар ауқымды. Елді мекен тұрғындарының әл-ауқатын көтеру мақсатында және еріктілікті дамытудың 7 бағыты бойынша шамамыз келгенше жұмыстар жүргізудеміз,-деді «Жалын» еріктілер штабының төрағасы Нұрман Абдрасилов.

Штаб мүшелігінде мемлекеттік қызметкерлер, аудандық мәслихат депутаты, кәсіпкерлер, жұмыссыз жастарда бар. Бұл шараға ең белсенді деген еріктілер қатысып, волонтерлік қызметті жақсарту бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Келген қонақтар кездесу барысында әлі де көптеген іс-шаралар ұйымдастырып, елді мекенді дамыту үшін барлық Аманкелді ауылының тұрғындарын еріктілік бағытында белсенді болуға шақырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<