Қызылордада жаңа аурухана пайдалануға беріледі

397

0

Облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов пен қала әкімі Ғанибек Қазантаев аймақ орталығындағы бірнеше медициналық мекемелерге барып, дәрігерлермен кездесті.

Қазір көпбейінді облыстық аурухана жанындағы 7650 шаршы метрді құрайтын автотұраққа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда тас төселіп, асфальт жабындысын жаюға әрекет жасалуда.

Ал,  көпбейінді қалалық аурухана бас дәрігері Бауыржан Төлегенұлының айтуынша,  қазіргі таңда 220 науқас емделуде, оттегі баллоны жеткілікті, аурухана толық 100% жұмыс жасап тұр. Алайда ауруханаға сырттан  мамандар шақыру үшін баспана мәселесі туындап отыр. Бұл мәселені қала әкімі назарға алатын болды.

Мұнан кейін облыстық мәслихат хатшысы мен қала әкімі облыс орталығындағы 200 орындық модульді жұқпалы аурулар ауруханасына барды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазыловтың айтуынша, аурухана құжаттарын рәсімдеу жұмыстары аяқталған. Енді лицензиясы алынып, бір апта көлемінде модульді жұқпалы аурулар ауруханасы өз жұмысын бастайтын болады.

– Заманауи үлгіде салынған ғимаратта науқастарды емдеу үшін барлық жағдай жасалған. Ендігі кезекте ғимаратты газға қосып, коммуналдық мәселелерін қолға алып, айналасын бірлесіп абаттандыру жұмыстарын жүргізу қажет, – деді қала әкімі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<