Жаңа дүкен ел игілігіне

599

0

Бүгін Бекарыстан би ауылының халқы үшін қуанышты күн. Себебі, елді мекеннен “Сыр-Сұлтан” атты азық-түлік және тұрмысқа қажетті тауарлар дүкені ашылды. Енді ауыл тұрғындары алысқа бармай-ақ, арзан бағада азық-түлік пен тұрмысқа қажетті тауардың барлығын осы жерден таба алады.

Кәсіпкерлік саласында 25 жылдық тәжірибесі бар Ертай Тоқболатов жаңа ғимараттың ашылуын “Қазалы ауданының 95 жылдығына тартуым” дейді. Нысанның лента қию рәсіміне Бақытжан Дүзелбайұлы арнайы барып, кәсіпкердің жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Ертай Кеңесбайұлына аудан әкімінің “Алғыс хатын” табыс етті.

Мерейлі сәттің куәсі болуға барша ауыл тұрғындары да жиналып, ауыл азаматының тағы бір белесті бағындырып, ел игілігі үшін жасап жатқан кәсібіне береке тіледі. Айта кетейік, Ертай Қеңесбайұлы осы кәсібімен көршілес Арал ауданының Жаңақұрылыс, Шөмішкөл секілді тағы басқа да елді мекендерін қамтып отыр.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<