Жаңадан тағайындалған төрағалар мен судьялар таныстырылды

696

0

Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында өткен жалпы отырыста Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылдың 28 маусымындағы № 607 Жарлығымен жаңадан тағайындалған төрағалар мен судьялар таныстырылды.

Жалпы отырысқа Қызылорда облыстық сотының төрағасы мен алқа төрағалары, судьялары, ал аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары онлайн режимде қатысты.

Аталған Жарлықпен Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы лауазымына Оспанова Жанат Әнуарқызы, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы лауазымына Мырзатаева Гүлжан Жалғасбайқызы, осы соттың судьялары лауазымдарына Жарылқасынова Зәуре Тұрсынбайқызы мен Сәрсенов Медетбек Темірбекұлы, Қызылорда қалалық соты судьясы лауазымына Қаршыға Әйгерім Әлшеріқызы, Қызылорда қаласының №2 сотына Темірбаев Тұрар Қайыргелдіұлы тағайындалды.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жаңадан Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы және Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қызметін бастайтын болады.

Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қамбар Нұрышев жаңа алқа және жаңа соттың ашылуымен құттықтап, жаңадан тағайындалған төрағалар мен судьяларға жаңа лауазымда да өздерінің кәсібиліктерін, білімдері және іскерліктерін көрсетіп, жаңа жетістіктер мен көрсеткіштерге қол жеткізетіндіктеріне сенім білдірді.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<