Жаңаөзенде жарылыстан қаза тапқандар саны артуда

377

0

Жаңаөзенде авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде айтылды деп хабарлады turkystan.kz.

Құтқарушылар үйінділерден тағы үш адамды – ер адам, әйел және баланы аман алып шықты.

«Осылайша, қазіргі жағдай бойынша құтқарушылар үйінділердің астынан төрт адамды тірідей және қаза тапқан үш адамды алып шықты. Барлығы сегіз адам, соның ішінде құтқарылғандар мен медициналық көмекке жүгінгендер ауруханаға жатқызылды», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Үйінділерді тазалау бойынша жедел жұмыстарға 40-қа жуық техника мен 350-ге жуық адам жұмылдырылды: құтқарушылар, оның ішінде кинологиялық есеп, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық көмек, полиция және еріктілер.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<