Жаңақорғандық шәкірттер олжалы оралды

456

0

Түркістан қаласында «Ұлы дала ұрпағы» V-республикалық өнер додасы өз мәресіне жетті. «Балалар жылы» аясында «Атадан мұра» қоғамдық қоры ұйымдастырған конкурсқа мыңдаған өрен қатысты.

Байрақты байқауға Жаңақорған кентіндегі  «Заңғар» интеллектуалды  мектебінее  аламан бәйгеге 10 оқушы қатысты.

Атап айтсақ, 3А-сыныбынан: Жарқын Раяна, Батырхан Нұрәли. Көркемсөз номинациясы 1 орын иеленіп, Алматыға суперфиналға жолдама алды. Жетекшісі: Айзада Әбдімәуленқызы.

Ал 4 Ә сыныбынан:  жазбаша шығарма бойынша Қайырбеков Нұрислам 3-орын,
Шеримова Роза 1-орын суперфиналға жолдама алса,
Алимхан Каусар бас жүлде, Халықаралық байқауға жолдама алды.  Жетекшісі:  Берікқызы Ақжарқын.

4 А сыныбынан:  Мәлік Ғазиза мен Бегайдар Көсел 2- орын Алматы қаласына жолдама алды.  Ал, Амангелді Нұрымжан 3 орын иеленді. Оқушыларды Көркем сөз үйірмесінің жетекшісі Ханзада Дошан дайындады. Кураторы  Таңсұлу Мұхамеджанқызы.

Сондай-ақ 1″ә» сыныбынан:  Көркем сөз оқудан Батырхан Зере мен Мінуар Альмира 3 орын алды. Жетекшісі: Досманбетова Амина.

Осылайша, республикалық байқауға қатысқан 10 өреннің барлығы жүлделі оралды.

Әбдісамат ӘБДІШ,

Жаңақорған ауданы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<