Жаңақорғандықтар тазалық жұмыстарын жүргізді

165

0

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында аудандағы барлық кент және ауылдық округтердегі тарихи-мәдени ескерткіштерді абаттандыру жұмыстарына арналады.

Осы орайда, 15 сәуір күні аудан еріктілері мен жастары, ардагерлер, қоғам белсенділерінің қатысуымен Жаңақорған кентіндегі «Көкен батыр» ескерткіші аумағын ретке келтіру, ақтау-сырлау, абаттандыру, күл-қоқыстан тазалау жұмыстары жүргізілді. Игі бастамаға Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы, кәсіби медиатор, Ерғали Оразбековте қатысып, тұрғындарды туған жерімізді бірге көркейтуге шақырды.

«Тазалық-жинаған жерде емес, сақталған жерде болады» дегендей, аудан тұрғындарын қоршаған ортаны ластамай, тазалық акциясының алдағы науқанына да белсенді атсалысуға шақырамыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<