Жаны жайсаң жақсы аға

4

0

Базарбай ағамыздың Қызылорда облы­сының медицина саласына, оның ішінде жұқпалы аурулармен күреске сіңірген еңбегі өте зор. 1988 жылдың 30 жел­тоқсанында облыстық жұқпалы аурулар ауруханасын қабылдап алды, ол кезде об­лыстық денсаулық сақтау басқармасы бас­шысының бірінші орынбасары болып қызмет істейтін.

1989 жылдың 6 қаңтарында мені өзі­нің орынбасары етіп тағайындады. Бірақ ау­рухананың ауруларды қабылдауға дайын­дығы жоқ еді, құрылыс жұмыстары әлі жал­ғасып жатты, төсек-орын, ап­параттары әлі алынбаған.

Жаңа басшының қатысуымен сол жыл­дың маусым айы­на дейін құрылыс толық бітті, ауруханына төсек-орынмен, қажетті құрал­­дар­мен жабдық­тады. Облыстағы 3 ауру­хана: Қызылорда облыстық аурухана­сының, қалалық ауру­ха­наның, балалар ауру­ха­насының инфек­ция бөлімдерін кө­­ші­ріп, облыстық жұқпалы ау­ру­лар ауруханасы науқастарды қабылдап баста­ды.

Үш мекемеден келген ұжымның басын біріктіру ұйымдастырушылық қабілет­ке байланысты. Реанимация бөлімі, кейін­нен бактериология-серологиялық зерт­ха­на ашылып, штаттарын кеңейтіп 1 дәрігердің орнына 6 дәрігер маман дайын­датты, Қы­зылорда қаласындағы және аудан­дар­дағы аурухана, емханаларда бакте­рио­ло­гия-серологиялық зерттеу жүргізетін ор­та­­лықтандырылған зертханалар ашты. Бұ­рын болмаған реанимация бөлімін құ­рып, облыстық ауруханадан Жақсылық Сәр­сенбаевты шақыртты.

Қызметкерлерге өте қамқор еді. Тоқы­рау кезде, ауыр заманда әкімдікке өтініш айтып, әуежай жақтан жер сұрап картоп, жуа, басқа да көкөністер, бау-бақша егіп, солай 3-4 жыл аурухана өз күнін өзі көр­ді. Кадрларды өте жақсы бағалайтын, шын­дықты бетке айта­тын. 2000 жылы зейнетке шығам дегенше мамандар дайындап, әрі қа­рай өзі ауру­хананың ұйымдастыру бө­лімінің меңге­ру­шісі болып қызмет жасады.

Қарамағындағы 1-2 дәрігерге көпқа­батты үйден баспана алуға көмек көр­сеткен. Аурухана жанынан жер бөлдіріп, 12 орта буынды қызметкерге жер алып берген. Жолдас-жорасы өте көп, ортада сыйлы кісі еді. Шәкірттерінің көбісі ке­йіннен облыс көлемінде бас дәрігер қыз­меттеріне көтеріліп, зейнетке шықты. Рес­публика көлеміне, үлкен қызметке көте­ріліп кеткендер де бар. Олар Базарбай ағаның тәрбиесінің арқасында жақсы маман бо­лып шықты. Кейбір шәкірттері Астана, Ал­маты қалаларында доктор, про­фессор. Отба­сылық дос болдық, жақсы ұр­пақ тәрбие­леген, балалары да елге қызмет етуде.

Сол кісі тәрбиелеген мамандар ұйым­шылдығын сақтап келеді, қызметтеріне адал. Зейнетке шыққан кісілерді де назар­дан тыс қалдырмай, үнемі шақырып, құр­мет көрсетуде.

Ол дүние жинаған жоқ, дос жинады. Достары республика көлемінде, тіпті шет елдерде де көп еді. Базарбай ағаның арқа­сында көптеген жақсы кісілермен таныс­тық, дастарқандас болдық, әңгімелерін тың­дадық.

Тағы бір жақсы қасиеті, қарамағын­дағыларды қорғай білетін, жазықсыз бі­реудің айыптауына, жазалауына жол бер­мейтін, ашуы тез қайтатын, артынша та­ту­ласуға тырысып, қажет болса үлкен-кіші демей кешірім сұрайтын. Сол қа­сиет­терін жоғары бағалайтынбыз.

Ол кісінің аурухана маңын көгалдан­дыруға да қосқан үлесі зор. Құрылыс біткен кезде айналасы тас, құм, топырағы құнарсыз еді, су болмады. Жыл сайын тал ектіретін, қазір сол ағаштар жайқалып, үшінші қабатқа дейін жетіп тұр.

Жалғас КҮДЕБАЕВ,

медицина саласының ардагері