Жапониядағы жер сілкінісі: зардап шеккендер саны 52-ге жетті

262

0

Жапонияда магнитудасы 5,9 болған жер сілкінісі салдарынан 52 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат NHK телеарнасына сілтеме жасап.

Зілзала ошағы Токио және Тиба префектураларының шекарасында орналасқан, тереңдігі – 75 шақырым. Токионың Адачи ауданында жолаушылар пойызы рельстен шығып кеткен, сондай-ақ жылдамдығы жоғары пойыздардың қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды телеарна.

Токионың бірнеше кварталында құбырлар жарылып, тротуарларды су басқан, үйлердің бірінің қабырғасы құлады. Метеорологтар жергілікті тұрғындарға алдағы жеті күні жерасты дүмпулері қайталануы ықтимал екендігін ескертті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз