Жарнама билбордтарын орналастыру заңдылығы бақылауда

299

0

Қала көлемінде заңсыз орналастырылған және шаһардың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізетін сыртқы көрнекі жарнамаларға мониторинг жұмыстары жалғасуда.

Нәтижесінде бірқатар кемшіліктер анықталып, жұмысшы топ өкілдері тарапынан сыртқы жарнама ілудің заңдылықтарына назар аудармай, өз қалауларынша жарнамаларды орналастырып жұмыс жасаған тұлғаларға ескерту берілді.

Айта кету керек, «Жарнама туралы» ҚР 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңының талаптарында сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру үшін жергілікті атқарушы органдардан белгілі бір мерзімге рұқсат алуы көзделген.

Қала әкімдігі тарапынан бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті жүргізілуде. Ал, ескертуді елемегендерге тиісті шаралар қолданылуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<