Жас кәсіпкерлер форумы

421

0

Бүгін аудан әкімінің сала бойынша жауапты орынбасары Арнұр Нұрмағанбетовтың қатысуымен «Жалағаш ауданының жас кәсіпкерлері» форумы өтті.

«Кәсіпкерлік қаншалықты дамыса, экономика да соншалықты өркендеп өсе бермек. Сондықтан да, кәсіпкерлікті дамыту мәселесі әрдайым біздің назарымызда болады.Бұл күнде ауданнан еңбектің әміршісіне айналған кәсіпкер азаматтардың шығып жатқаны көңіл қуантады. Тікелей өз қаржысына аудан орталығынан зәулім мешіт салған Сағынбаев Ерлан Ізбасқанұлының, Дәуімбай елді мекенінен жабық бассейн кешенін салған Қайыржан Құлтекеновтың, Дәуімбай елді мекенінен мешіт құрылысын бастап, жүргізіп жатқан Досымов Қайрат Алмасұлының, сондай-ақ, жеке емхана салуға ниет білдіріп отырған кәсіпкер Тайбасар Бағжан Есентайұлының есімдерін бүгінгі форумда құрметпен атауға болады»,-деді Арнұр Нұрмағанбетов.

Форум барысында «Аграрлы несие корпорациясы» АҚ-ның өкілі Жасұлан Өтеулиев, облыстық кәсіпкерлер палатасының Жалағаш аудандық филиалының директоры Асылхан Балмаханов кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы мемлекеттік бағдарламар мен жаңа мүмкіндіктерге тоқталды.

Қазіргі таңда Жалағаш ауданында 14 пен 35 жас аралығында 10848 жас тіркелген. Бұл көрсеткіш жалпы халық санының 30,1 пайызын құрайды.

Бүгінгі күнге ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3294 бірлікті құрап, оның 95,2 пайызы немесе 3136 субъектісі белсенді жұмыс жасап тұрғандар құрауда.Оның ішінде жас кәсіпкерлердің үлесі 42,5 пайызды құрап, саны 1387 бірлікке жетті.

Форумы аясында өнім өндіруші жас кәсіпкерлердің көрмесі ұйымдастырылып, үздік кәсіпкерлерге аудан әкімінің «Алғыс» хаты табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<