Жас мамандар екпенің төртінші кезеңін қабылдады

1244

0

Вакцинация – короновирустық инфекциялармен  күресудің ең жақсы тәсілі. Сондықтан,  ЗК- 169/1 тергеу изоляторының жеке құрам арасында коронавирустық инфекцияның таралу қаупін болдырмау үшін иммундау жүргізілді. Тергеу изоляторы жабық мекеме болғанмен, қамаудағы арнайы контигентпен тікелей байланыста болады. Ал, мұнда республикамыздың әр өңірінен әр түрлі қылмысқа тартылған азаматтар этаппен  күнделікті  келіп – кетіп жатады. Осы орайда , жұқпалы дерттің алдын алу мақсатында мекемеге жаңадан келіп орналасып жатқан жас мамандар мен  басқа да жеке құрам  вакцинацияның төртінші этапын қабылдады.

– Тергеу изоляторының тегеурінді қызметінде арнайы контигентпен жұмыс жасайтын жеке құрамның жұмысы тым  қауырт. Сондықтан №6 қалалық емхананадан вакцинатор дәрігер арнайы шақыртылды. Бірінші кезекте мекемеге жаңадан ғана қабылданған жас мамандарға вакцинацияның төртінші кезеңі салынды. Бұл күні барлығы  52 қызметкер вакцинацияланды. Оның ішінде 13-і  жас  маман. Сонымен мекемеде барлық қызметкерлер  короновирустық инфекцияға қарсы екпенінің төртінші кезеңін   жүз пайыз қабылдап болды – дейді мекеменің кадр саясат тобының аға инспекторы М.Тұрымбетов.

– Мен вакцинаның төртінші  компонентімен егілдім, хал-жағдайым жақсы, сондай-ақ менің бүкіл отбасым да екпе алды. Ішкі істері қызметкері ретінде  өз  үлгіммен тұрғындарды, жақындарымды және өзімді  қорғауға дайын екендігімді  көрсетуге  тиіспін, – дейді Нұрзия Қыдырбекқызы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<