Жас спортшылар жалындап тұр

3026

0

Фото: ашық дереккөз

Аудан әкімі Серік Сермағамбетов бірқатар спортшыларды қабылдады.

Олардың ішінде Өзбекстан Республикасы Хиуа қаласында гір көтеру және Грузия мемлекетінің астанасы Тбилиси қаласында әмбебап жекпе-жектен өткен Әлем біріншіліктерінің жүлдегерлері мен Алматыда шахматтан 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы жарыстың жеңімпаздары болды.

– Айтулы мемлекеттердің спортшылары бақ сынасқан бәсекелерде аралдықтардың топ жаруы – қуанышты жаңалық. Спортшыларымыздың үздіксіз жаттығып, жарысқа жауаптылықпен қарауы және жаттықтырушылардың дайындығы осындай зор жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Бұл жетістіктеріңіз ауданымыздың 95 жылдық мерейлі белесіне олжалы сый болды. Алдағы уақытта да табандылық пен жоғары спорттық шеберліктеріңізді паш етіп, елімізді халықаралық сайыста лайықты көрсете беріңіздер, – деді.

Жалпы айта кетерлігі, гір көтеру спортынан өткен чемпионатта бес бірдей аралдық спортшы жеңіс тұғырынан көрінсе, әмбебап жекпе-жекте №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшылары 6 алтын, 1 күміс жүлдемен оралды. Сондай-ақ № 62 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Ақылжан Мейірханұлы жасөспірімдер арасында шахматтан Қазақстан Республикасы кубогының І орын жүлдегері болып, Әлем чемпионатына жолдама алды.

Аудан әкімімен кездесуде жеңімпаздар ерекше сәттер туралы ой бөлісті. Қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғыс айтты.

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ,

«Сыр бойы».

Арал ауданы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<