Жастар арасында жұмыссыздықты азайту үшін

400

0

Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың облыс жастарын жұмыспен қамту бағытындағы тапсырмасына сәйкес Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ аймақтағы жұмыссыз, NEET санатындағы жастарға және еңбекке құлшынысы жоғары жастарға арналған «Еңбек жасақтары» жобасын жүзеге асырмақ. Бұл туралы Жастар ресурстық орталығының баспасөз алаңында облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Талғат Оспанұлы БАҚ өкілдеріне берген брифингте баяндады.

Аймақта 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны – 176 985 (21,4 %) құрайды. NEET санатындағы жастар 7,9% – ды, жұмыссыз жастар 4,0% – ды құрайды.

«Еңбек жасақтарын» құрудың мақсаты – Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауынан туындайтын тапсырмасына сәйкес 100 мың жасты жұмысқа орналастыруға үлес қосу, жұмыссыз және NEET санатындағы жастардың санын төмендету, жаңа жас кәсіпкерлердің пайда болуына жан-жақты көмек көрсету, жастардың әлеуметтік жағдайына қолдау көрсету, ақпараттық сүйемелдеу және әлеуметтендіру, жан-жақты қолдау көрсету.

         Жастар саясаты  саласының мамамандары бұл мақсатқа NEET санатындағы және жұмыссыз жастардың базасын жасақтап,  еңбек етуге ынталы жастарды еңбек жасағы арқылы жұмыспен қамтып, оларды түрлі оқытулармен және еңбек адамдарымен кездестіру арқылы жетпек. Нәтижесінде үздік еңбек жасақтары жылдық қорытынды слеттерін ұйымдастырып, белсенді жастарды марапаттамақ.

Құрылатын еңбек жасақтарының тізімі.

1. Арал ауданы – Жас балықшылар, фермерлер, дәнекерлеушілер, құрылысшылар, тігіншілер, аспаздар.

2. Қазалы ауданы – Жас теміржолшылар, аспазшылар, балықшылар, құрылысшылар, дәнекерлеушілер, ағаш ұсталары, фермерлер.

3. Қармақшы ауданы – Жас егіншілер, қолөнершілер, өндірісшілер, аспазшылар, дәнекерлеушілер, ағаш ұсталары, фермерлер.

4. Жалағаш ауданы – Жас егіншілер, тігіншілер, фермерлер, дәнекерлеушілер, ағаш ұсталары.

5. Сырдария ауданы – Жас егіншілер, құрылысшылар, тігіншілер, аспазшылар, шаштараздар, фермерлер, ағаш ұсталары.

6. Қызылорда қаласы – Жас құрылысшылар, көркейту жасақтары, аспазшылар, шаштараздар, сәндік бағыттағы жасақ, егіншілер, тігіншілер, қолөнершілер.

7. Жаңақорған ауданы – Жас егіншілер, құрылысшылар, көркейту жасақтары, аспазшылар, шаштараздар, сәндік бағыттағы жасақ, тігіншілер, фермерлер

Күтілетін нәтиже:

1. Қызылорда облысындағы NEET санатындағы жастар санын 5 %-ға төмендету;

2. Қызылорда облысы жастарының «Еңбек жасақтарына» 2022 жылы 1500-ге жуық жасты, ал 2023 жылы 5000-ға жуық жасты тарту.

3. Қызылорда облысындағы жұмыссыз жастар санын 3 %-ға дейін төмендету;

4. Қызылорда облысының жас кәсіпкерлердің санын 2 есеге арттыру;

5. Қызылорда облысындағы жастардың еңбекке тарту арқылы 3000-ға жуық жұмыс орындарын құру.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<