Жастарды салауатты өмірге шақырды

877

0

Жастарды салауатты өмір салтына баулу және кәмелетке толмағандар мен жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Жастар есірткіге қарсы!» ұранымен футзал жарысын ұйымдастырды.
Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп өткізген облыстық сайысқа жастар белсенді қатысты.
Барлық кезеңдері қызықты өтті. Қатысушылар жігерлік көрсетті. Барлығы қарсыластарына өз дағдыларын көрсетуге тырысты.

Финалдық жарысқа алты команда қатысты. Нәтижесінде Жаңақорған ауданынан келген команда – 1 орын, Қызылорда қаласының тобы 2 орын, Сырдария ауданының намысын қоғаған команда 3 орын иеленді. Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жеңімпаз командалардың барлық мүшелеріне спорттық формасы мен дипломдар табыс етті.


Сонымен қатар, Ішкі істер органдарының ардагерлері «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік жартылай қорғаушы», «Үздік ойыншы», «Үздік жаттықтырушы», «Белсенді қатысқаны үшін» номинациялары бойынша сыйлықтар табыстады.

Гүлбану МАҚАЖАН, «Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<