Жастарды толғандырған мәселелер талқыланды

933

0

Облыстық «Жастар ресурстық орталығында» облыс әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Кеңес отырысын облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жүргізіп, жастар контингентін толғандыратын негізгі мәселелерді талқылап, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Жалпы бұл жүзедсу жастардың көкейінде жүрген маңызы зор мәселерлердің жауабын берген кездесу болды. Жалындаған  жастардан тың жобалардың тиімділігі мен оның аясын кеңейту туралы пікірлесіп, қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, жастардың ғылыми-техникалық әлеуетін дамыту және жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту, стартап жобаларын қолдау мәселелерін қарады.

Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағдат Бердәулетов қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету бағытындағы негізгі басымдықтарға тоқталып, атқарылған жұмыстарды тізбеледі.

 «Jas Оtan» Жастар қанаты» Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Медет Жорабек студент жастардың жатақханалардың жағдайы, ауылдан келетін студенттерді орынмен қамту мәселесін ортаға салды. Жедел ұсынысты сарапқа сала отырып, аймақ басшысы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспаған шекті балл жинай алмаған түлектерді қайта оқытудың жоспарларын әзірлеп, колледждердегі жатақханалардың жағдайына мониторинг жүргізіп, бір ай мерзімінде нақты ұсыныс беру туралы тапсырма жүктеді.

Бұл мәселенінің әрі қарай орындалуын Қызылорда облыстық Мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы ретінде күн тәртібіндегі негізгі жұмыстарымның қатарына алып, тезірек орындалуына ықпал жасайтын боламын. Біздің міндетіміз – қойылған мақсаттың сапалы жүзеге асуына атсалысу.

Гүлнар ЕСҚАЛИЕВА,

Қызылорда облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі,

Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<