Жасыл белдеудің жағдайымен танысты

495

0

Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев Әйтеке би кентін аралап, жасыл белдеулердің қазіргі жағдайымен танысты. Алдымен аудан басшысы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолы бойындағы тал егілген аумақта болып, қазіргі жағдайын көрді.

«Бұл беттегі ағаштар шығымы жақсы. Қазір мұнда егілген Сыр талының 90 пайыздан астамы шығып тұр. Күре жолдың кент жағындағы тал-дарақтың жағдайына алаңдаулы едік. «Ақкиіз» каналының арнасы тазаланғаннан кейін аяқ судан проблема болмау керек»,-деді Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің бөлім басшысы Бурабай Оразғалиев.

Сала маманын мұқият тыңдаған аудан басшысы жасыл белдеудегі жұмыстарды одан әрі жандандырып, желектің жайқалып кетуіне көп көңіл бөлуді тапсырды.

Мұнан соң Әйтеке би кентіне кіре беріс жолдың қос қапталындағы жасыл белдеу маңында атқарылған жұмыстармен танысты. Мұнда арық бойындағы судың тұйықталып қалуы өскіндердің бой алып кетуіне кедергі келтіріп тұр. 

Бұл мәселені шешу үшін аудан басшысы Мұрат Ергешбаев кент әкімі Қайрақбай Орынбасаровқа кешенді жоспар дайындауды тапсырды.

Кент әкімі аудан орталығындағы жасыл желектің санын көбейту мақсатында тағы бір жоба дайындағандарын жеткізді. Бұл жасыл белдеу Әйтеке би кентінің «Мектепбай» учаскесі жағында орналасады. Аумағы 5,6 гектар. Жоба құны да қомақты. Оның ішінде жерді дайындау жұмыстарынан бастап талдарды күтіп ұстау шығындары да қарастырылған.

Аудан басшысы бұл жобаны қолдап, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына ұсыныс беруді тапсырды.

egemen.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<