Жаңғыру жолы

353

0

Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың басты қадамы. Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейде өткен дөңгелек үстел қатысушыларының ортақ пайымы осындай болды. Жиын барысында Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Аман Абасилов өзекті тақырыпқа қатысты ойымен бөлісті. 

– Елбасы латын әрпіне көшу жайына тоқталып, кириллицаның көптеген таңбаларының өзі осы әліпбиден алын­ға­нын еске салды. Дүниежүзі халық­тарының 80 проценті қолданатын латын әліпбиі қазақ тілінің бағын ашары сөзсіз. Тілді шұбарлауға сол арқылы нүкте қойыларына сенімдіміз. Тарихты парақтайтын болсақ, ол үш мың жыл бұрын қолданыла бастаған. Тәуелсіз Қазақстанның әлемнің келіссөз алаңы­на айналғанын жас ұрпақ көріп отыр. Олар халықаралық ортада тек латын әрпінің қолданылатындығына көз жеткізуде. Ұсынылған жоба қызыл­ордалықтар арасында қызу қолдауға ие, – деді А.Мәделханұлы.

Уақытпен үндескен бастамаға байланысты филолог мамандар да пікір білдірді. Олар латын графикасына көшудің маңыздылығын, осы бағытта республикада, облыста атқарылып жат­қан жұмыстарды баяндамасына арқау етті.

Суретті түсірген:

Н.НҰРЖАУБАЙ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<