Жазасын өтеушілерге арналған мерекелік шара

577

0

Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай жазасын өтеп жатқан азаматтарға арналған мерекелік шара өтті.

Мерекелік шараны ашқан мекеме бастығы әділет подполковнигі Айбол Махашев Ұлттық мерекемен құттықтады. Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Еліміз алып құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танылды, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын деді әділет подполковнигі.

Мерекелік шара одан әрі концерттік бағдарламаға ұласты. Сотталғандар арасында өнерге жақын азаматтардан құралған өнерпаздар мерекелік көңіл күй сыйлады. Бірі домбыра тартып ән салса,енді бірі қара өлең оқып мерекелік шараның көркін қыздырды. Белсене қатысқан жазасын өтеушілерге мерекелік сыйлық та таратылды.

«Ел Тәуелсіздігінің 30жылдық мерекесіне орай сотталғандардың қатысуымен шара өтіп жатыр. Әр жасақтан өнерлі сотталғандар белсене қатысты. Шара соңында оларға арнап мерекелік дастархан жайылды»,-деді тәрбие бөлімінің бастығы әділет майоры Абдулла Уайдаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<