Жеке сот орындаушысы қызметінің негіздері

949

0

Фото: ашық дереккөз

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 138-бабына сәйкес  жеке сот орындаушысы орындауға: 

1) мемлекеттен өндіріп алу;

2) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке және олармен үлестес заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғадан өндіріп алу;

3) табиғи монополиялар субъектілерінен өндіріп алу;

4) өндіріп алу мөлшері бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын соманы мемлекет пайдасына өндіріп алу;

5) мүлікті тәркілеу не мүлікті мемлекетке беру туралы;

6) мемлекет мүддесіне жүргізілетін үйден шығару, үйге қоныстандыру, үйлерді бұзу, жер учаскелерін алып қою және басқа да істердің санаттары туралы атқарушылық құжаттарды қоспағанда осы Заңда көзделген барлық атқарушылық құжаттарды қабылдайды.

Жеке сот орындаушыларының ерекше құзыретіне жеке және заңды тұлғалардың пайдасына өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау жатады.

Жеке сот орындаушысы атқарушылық іс-әрекеттерді өтеулі негізде жүргізеді. Жеке сот орындаушысы жасаған атқарушылық іс-әрекеттерге ақы төлеу осы Заңда белгіленген мөлшерлерге сәйкес жүзеге асырылады.

Жеке сот орындаушыларына Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасының борышкерден атқарушылық санкциясын өндіріп алу бөлігіндегі ережелері қолданылмайды.

З.ЕРЖАНОВА,

 облыстық Әділет

 департаментінің

бөлім басшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<