Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

926

0

«Қазгидромет» синоптиктері 17 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

17 қазан күні антициклон жотасы республиканың басым бөлігіндегі ауа райына әлі де әсерін сақтайды. Сондықтан көбінесе жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Еліміздің тек батысында циклон жырасының ықпалынан жаңбыр күтіледі. Еліміздің солтүстігі, шығысында тұман күтіледі, оңтүстік аудандарда жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

Күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с екпінде жел соғады. Күші 23 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с артады. Маңғыстау облысында сондай-ақ шаңды дауыл тұрады.

Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында, Шығыс Казақстан облысының батысында, солтүстігінде, түнде Павлодар облысының солтүстігінде, түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<