Жексенбілік мектеп мұғалімдеріне арналды

271

0

«Достық үйінде» «Қазақ тілін этносаралық тілге айналдырудың тиімді жолдары» атты этномәдени бірлестіктер жанындағы жексенбілік мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру республикалық ғылыми-әдістемелік семинар-тренингі өтті.

Шараны Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінінің бастамасымен облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырды. Семинарға Қазақстан халқы ассамблеясы  жанындағы жексенбілік мектептердің мұғалімдері қатысып, өз тәжірибесін бөлісіп, пікір алмасты. Онлайн және офлайн өткен республикалық жиында өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде графикалық символдық көрнекіліктер пайдаланудың тиімділігі, тыңдалым мәтінін меңгерудің тиімді жолдары кеңінен талқыланды.

− Президент Жолдауында «Қазақ тілі ұлтаралық тілге айналу керек» деді. Мемлекет көздеп отырған меже 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуі тиіс. Жолдаудағы нақты тапсырма − қазақ тілін шын мәнінде ұлтаралық тілге айналдыру. Оны жүзеге асыру бағытында мұндай шаралар жалғасын табады, − деді облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Әсел Бақытова.

«СБ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз