Жемқорлықты жұмылсақ жеңеміз

242

0

Cыбайлас жемқорлықпен күрестің ролі ерекше, өйткені, қоғамды кері тартар құбылысқа қарсы іс әрекеттерсіз экономикалық, әлеуметтік салада тұрақты даму мүмкін емес.

Елімізде осы бағыттағы шаралар Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» заңында қарастырылған. Ол азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қатерлерден Қазақстан Республикасын ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік функцияларды атқаратын мемлекеттік органдардың, лауазымды және өзге тұлғалардың, сонымен қатар оларға теңелген тұлғалардың тиімді қызметін үйлестіруге кепіл болады. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу, олардың салдарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзышылықтардың түрлерін, сонымен қатар жауапкершілік жағдайларын орнатуға бағытталған.

Заң демократиялық бастауларды кеңейтуге, мемлекетті басқаруда жариялық және бақылау, халықтың мемлекетке және оның құрылымдарына сенімді нығайтуға, хабардар мамандардың мемлекеттік қызметке түсуін ынталандыруға жағдай туғызады.   

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде жемқорлық құқықбұзушылықты болдырмау қызметкерлерді кәсіпқойлыққа, адалдыққа, жеке мүдделерінен қоғам мүддесін жоғары қоюға үндейтін шаралар жиі өткізіледі. Ұжымда жұмыс істеу іскерліктерін жетілдіретін техникалық оқулар ұйымдастырылады.

Мемлекеттік кірістер  органдары алдында тұрған көрсетілген тапсырмаларға жету үшін, сауатты, кәсіпқой дайындалған қызметкерлер қажет. 

Р.АУШАНОВ,

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік

Кірістер департаменті Аудит басқармасының

 бас маманы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<