Жоғалған балаларды тауып, ата-аналарына тапсырды

203

0

4 тамыз күні сағат 23:42 шамасында Қызылорда қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне Қызылорда қаласының тұрғынынан кәмелетке толмаған екі баласы ойнауға шығып қайта үйіне келмегендігі жөнінде хабарлама түсті.

Жоғалған балаларды іздеу үшін Қызылорда қалалық Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің жеке құрамы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері барлық полиция учаскелеріне бағыт-бағдар беріп, адамдар көп жиналатын орындарды, шатырлар мен  қараусыз қалған ғимараттарды тексерді.

Полицейлермен жүргізілген іздестіру жұмыстары барысында жоғалған балалар 3 сағат ішінде қала орталығында табылып, аман-есен үйіне оралды.

Аталған кәмелетке толмағандар түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын жайдан тыс жүргендері үшін заңды өкіліне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама рәсімделіп ескерту берілді.

Бүгінгі таңда  балалармен және олардың ата-анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Бұл ретте, тәртіп сақшылары ата-аналарға кәмелетке толмағандар арасындағы  құқық бұзушылықтардың  алдын алу, ескерту, жол бермеу және олардың құқықтарын қорғау мақсатында бақылауды күшейту қажет екендігін ескертеді.            

 Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<