Жолшылар “KAIDZEN” технологиясымен жұмыс істеуге көшті

640

0

Жалпы жол құрылысының технологиясы қарыштап дамып, уақыт өткен сайын трансформацияланып келеді. Әсіресе, Еуропа елдері тақтайдай түзу жол салудың озық үлгісін қалыптастырған. Осы тұрғыда Қазақстан қалыс қалғанымен, соңғы жылдары жол инфрақұрылымына шет елдің жаңашылдығын енгізуде алға ілгерілеушілік бар. Жолшылар да заман талабына сай тың өзгерістерді қолға алуда.

Биылдан бастап «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК өндірісте «Kaidzen» технологиясын қолдануға көшті. Ол үшін мамандар оқу курстарына қатысып, білім-біліктілігін арттырды. Жаңашылдықты меңгеріп, ескі әдіс-тәсілден арылды. Мәселен, орталықтың Қызылордадағы филиалы алғашқылардың бірі болып тың жобаны жүзеге асырып отыр. Заманауи зертхана халықаралық талаптарға сай үлгіде қайта жабдықталып, жолшылар қазір «Kaidzen» технологиясымен жұмыс істеуде. Соған сәйкес, материалдық-техникалық база жаңғырып, жаңа құрылғылар алынды. Алдағы уақытта бұл жаңашылдық саланы жетілдіріп, аймақ жолдарының сапасын жақсартуда оң нәтижесін беретіні анық.

Ержан ДЖАКЕШОВ,

«Жол активтерінің ұлттық

сапа орталығы» РМК ҚОФ зертханашысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<